Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент сайлауында Жамбыл облысының тұрғындары да белсенділік танытты

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2015
  • 935

Президент сайлауында Жамбыл облысының тұрғындары да белсенділік танытты. Облыс бойынша он бір ауданнан 514 мың 815 сайлаушы тіркелген. Олар ұзын-саны 461 сайлау учаскесінде дауыс берді. Жастармен қатар, қазыналы қарттар да саяси шарадан қалыс қалып жатқан жоқ.

Сахытжамал Төлтаева, «Алтын алқа» иегері:

80-ге келдік, сол жасымызға қарамай жаңағы дауыс беріп жатырмыз. Ризамыз, мемлекеттің тынышытығына да, балалардың мына өсіп келе жатқанына да. Сайлаудан қалмаймыз, өз қолымызды қойып, бір кісідей дауыс бердік, айналайын.

Ал, облыс орталығы Таразда, 112 сайлау учаскесі сайлаушыларға қызмет көрсетті. Аумақтық Сайлау комиссиясының мәліметінше, қала бойынша 142 мың 613 сайлаушы тіркелген. Олардың арасында 18 жасқа толған яғни, өз өмірінде бірінше рет дауыс берушілер саны 1 мың 630 адам. Өз таңдауын жасаған жастар, бұл қадам мемлекет үшін маңызды деп санайды. Ал, сайлау учаскелеріне баруға мүмкіндігі жоқ 1 мың 874 тұрғын, көшпелі жәшіктерге дауыс берді.

Бақыт Сапарбаева, Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы:

Бүгінгі мынау ауа-райының кішкене бұзылғанына қарамастан, біз үлкен жақсы көтеріңкі көңіл-күймен келіп отырмыз сайлауға. Мен ойлаймын, әрбір қазақстандық азамат өз елінің болашағын ойлайтын азамат бүгін дауыс беруі керек. Бүгінде біздің дауысымыз біздің ертеңіміздің кепілі. Сондықтан да мен бүгін өз даусымды ертеңгі жарқын болашағымыз үшін бердім.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ