Русский Сайттың толық нұсқасы

Байқоңырда 24 мыңнан астам сайлаушы өз таңдауын жасады

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2015
  • 1373

Байқоңырда екі күннен бері құйып тұрған жауын азаматтардың өз таңдауын жасауға кедергі болмады. Барлық 11 сайлау учаскелерінде таңертеңнен сайлаушылардың белсенділігі жоғары болды. Ғарыш айлағында жұмыс істеп жатқан Қазақстанның жетпіс азаматына жұмыс орындарына арнайы жәшіктер жеткізілді.

24 мыңнан астам сайлаушысы бар Байқоңырда қырық жылдан бері өмір сүріп келе жатқан Қуаныш ақсақал да сайлауға елден бұрын келді. Ол Қазақстан Президентін сайлау науқанына қатысып, 1991 жылдан бері дауыс беріп келе жатқанын мақтанышпен жеткізді.

Қуаныш Пекешев, Байқоңыр қаласының тұрғыны:

Бала-шағамызбен, қыздар-күйеу-балаларымызбен, еліміз-халқымызбен дауыс беріп жатырмыз. Халықтың тыныштығын таңдап жатырмыз, елдің тыныштығын, бейбітшілікті таңдап отырмыз.

Байқоңыр қаласында 74 мың адам тұрады. Соның 70 пайызы - қазақстандықтар. Жергілікті әкімшілік басшысы Анатолий Петренконың айтуынша, Байқоңырда екі елдің де азаматтарының конституциялық құқықтары сақталады. Айта кету керек, Қазақстан Президенті сайлауын өткізу науқанына ресейлік азаматтар да ат салысты.

Шарипа САҚТАПОВА