Алматыда
халықаралық байқаушылардың брифингтері жалғасуда. Қазақстан қонақ үйінде
шетелдік байқаушылар БАҚ өкілдерімен кездесіп, саяси науқанға қатысты өз
ойларын жеткізуде. Норвегиядан келген мейман бүгінгі сайлау барысына жоғары
баға берді.
Кристиан
Микел Доблуг, халықаралық байқаушы /Норвегия/:
Біз
5 сайлау учаскесінде болдық. Кешке дейін тағы да үшеуіне баруды жоспарлап
отырмыз. Жалпы сайлауға келетін болсақ, барлығы бір қалыпты өтуде. Ешқандай
ереже бұзушылықты байқамадық. Сайлау учаскелеріндегі жағдай біздің елдегі
сайлаудан айтарлық айырмашылығы жоқ. Келіп жатқан адамдардың қарасы қалың.
Бастысы - дауыс берушілерге барлық жағдай
жасалған.
Берік ХАСЕНОВ