Русский Сайттың толық нұсқасы

Сайлау комиссиялары бюллетеньдерді санауға кірісті

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2015
  • 984

Астана уақыты бойынша 21:00-де президенттікке кандидаттарға дауыс беру еліміз бойынша өз мәресіне жетті. Электоралды науқанды уақыт ерекшелігіне байланысты еліміздің батыс өңірі қорытындылады. Қазір орталық сайлау комиссиясының жер-жерлердегі бөлімшелері бюллетеньдерді санауға кірісіп кетті. Биылғы сайлау кампаниясы өткен жылдардағы науқандардан ең жоғары белсенділік көрсеткішімен ерекшеленуде. 18:00-де тіркелген ақпаратқа сай, қазақстандықтардың 90 пайызы өз таңдауларын жасап үлгерген.

Айта кетейік, еліміздегі дауыс беру құқығы бар 9 млн 514 мың 988 азаматқа артығымен 9 млн 610 мың 138 бюллетень әзірленген-ді. Орталық комиссияның дерегі әрбір екі сағат сайын жаңарып жатыр.

Халықаралық және қазақстандық сарапшылар пікірінше, осы президенттік сайлауға сайлаушылардың қатысу көрсеткіші өте жоғары. Бұрынғы сайлаулармен салыстырғанда, тарихи көрсеткіш деуге болады. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ