Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавл көшелерінде Жеңіс күні қарсаңында жарты миллионнан астам гүл отырғызылады

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2015
  • 916

Петропавл көшелерінде Жеңіс күні қарсаңында жарты миллионнан астам гүл отырғызылады. Қазір қала билігі оны арнайы жылыжайларда өсіріп жатыр. Қаңтар айында егілген дәндер бүгінде өсіп-жетіліп, кейбіреулері гүлдеп те үлгерді. Өсімдіктердің дұрыс қалыптасуын 24 маман бақылап отырады. Олар уақытылы су құйып, температураның тұрақты болуын қадағалауына алған. Мектеп ауласында орналасқан 3 жылыжайда қазір гүлдің 10 түрі өсірілуде. Сәнді қырыққабат деп аталатын хош иісті өсімдікті гүл мамандары биыл алғаш рет отырғызып көрді. Айтуларынша, ерекше сәні бар бұл гүл біздің климатқа сәйкес келеді. 9-мамыр мерекесіне орай шаһар көшелерінде гүл композициялары да құрылмақ.

Антонина Сулеин, гүл өсіруші:

Гүлдер композициясын арнайы дизайнер құрады. Биыл қалада гүлдерден құралған 3 үлкен сурет салынбақ. Жалпы, Петропавлда биыл 15 мың шаршы метр гүл отырғызылады. Бұл 600 мың түп гүл.

Абзал ҚҰРМАНКИН