«Астана» арнасы
Қазақстан республикасы президенті сайлауының барысы туралы кезекті шығарылымын
ұсынады. Студияда Ләйлә Қазиақпарова. Президенттік сайлаудың алдын-ала
нәтижелері де белгілі болды. Exit-poll дерегіне сүйенсек, президенттік сайлауда
іс басындағы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті. Exit-poll жүргізген
«Қазақстан азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің Орталық
коммуникациялар қызметіндегі мәлімдемесі туралы телефон арқылы тілшіміз Мөлдір
Бақытқызы хабарлайды.
Мөлдір
Бақытқызы, тілші:
Экзит-пул
нәтижесі бойынша, Президенттікке кандидат Н.Ә.Назарбаевқа сайлаушылардың 97,5
пайызы дауыс берген. Қазақстан коммунистер халықтық партиясы атынан сайлауға
түскен Тұрғын Сыздықов 1,87 пайыз дауыс жинады. Ал өзін-өзі ұсынған Әбілғазы
Құсайыновқа электораттың 0,63 пайызы дауыс берген. Экзит-пул қорытындысын
Демократиялық институтының жобалау жөніндегі директоры Юлия Кучинская
таныстырды. Сауалнама 14 облыста, және Астана мен Алматы қалаларында
жүргізілген. Экзит-пул 550 сайлаушы учаскесінде өтті. Оның 319-ы қалада, 238-і
ауылды жерде орналасқан. Сауалнаманы жүргізуге барлығы 1500 адам атсалысқан.
Мөлдір ДЮСЕКИНА