Русский Сайттың толық нұсқасы

СЗИ сарапшылары exit-poll нәтижесі бойынша пікірлер білдірді

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2015
  • 1583

Адматыда сарапшылар экзит-пул нәтижелері бойынша түсініктеме берді. Сайлаушылар Нұрсұлтан  Назарбаевтың ұстанған саясатын қолдады дейді Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары.

Мадина Нұрғалиева, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының алматыдағы өкілдігі жетекшісі:

Сандар айтарлықтай мол. Іс басындағы президентке сайлаушылардың 97,5 пайызы қолдау көрсетіп отыр. Бұл оның болашақта да Қазақстанды тұрақты даму жолымен басқарарына білдірілген сенім. Орталық сайлау комиссиясы жариялағандай сайлауға халықтың 95,11 пайызының қатысуы өте үлкен көрсеткіш.

Юрий Булуктаев - ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институты сарапшысы:

Exit-poll қорытындысы бойынша халықтың басым бөлігі іс басындағы президентке дауыс берген. Бұл қазақстандықтардың саналы таңдау жасағанының айғағы. Халық Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдағы тұрақтылық пен татулық, бейбітшілік бағытындағы саясатын қолдайды.

  Анна Гусарова - ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы:

Президенттік осы сайлау тарихи оқиға. Өз таңдауын жасау үшін таңертеңнен бері адамдардың қарасы қалың болғаны соншалық, көптеген сайлау учаскелерінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Бұл қазіргі қоғамның дамығанының көрсеткіші.

Берік ХАСЕНОВ