Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев: Президенттік қызметтегі ең басты жетістігім - ел сенімі

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2015
  • 1638

Кезекті сенім мандатын сыйлаған халқымен сыр сұхбат. Бүгін Мемлекет басшысы Ақордада отандық және шет елдік БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналист қауымның көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Өзіне көрсетілген жоғары сенім үшін халқына алғыс айтқан президент, Қазақстанның көздеген саяси-экономикалық бағытына берік болатындығын тағы бір айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бөліну емес, бірігу. Қазақтың өзінің тарихы ылғи солай, ылғи бірігуменен сонымен күресіп келе жатырмыз, қазір де сол бағытты ұстайтын боламыз. Ішкі-сыртқы саясатымыз өзгермейді. Осы жолменен жүре береміз, себебі халқымыз осыны қолады.

Президенттің сайлауалды саяси бағдарламасындағы бес конституционалды реформа аясында елімізді күрделі өзгерістер күтіп тұр,- деді Нұрсұлтан Назарбаев. "Алдағы жылдар жемқорлық, туыстық принциппен мансап жасау, жартылай кәсіпқойлар проблемасымен күрес кезеңі болмақ. Мемлекеттің индустриялдық-экономикалық саясатының жемісті болуы үшін - заңға бағынған қоғам құру қажет", - деді Елбасы. Бүгінгі сот жүйесін сынаған мемлекет басшысы, алдағы реформалар өте күрделі, қоғам үшін өте сезімтал болады деп ескертті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Халыққа қызмет ететін кәсіпқой мемлекеттік басқару аппаратын құру. Миротократия принциптеріне негізделген, жемқорлықтан ада басқару жүйесінде тек кәсіпқойларға орын болады. Қойылатын басты талап - біліктілік пен тәжірибе. Екінші мәселе - заң күші. Өкінішке қарай, кеңестік кезеңнен сарқыт болып қалған сот жүйесі жүз пайыз әділдік кепілі деп, айта алмайсың. Осы екі бағыттың өзі күрделі реформаларды талап етеді. Нақты жоспар бар, іске кірісеміз.

Президент мұхитқа төте жолы жоқ мемлекеттің интеграциялық процестерге басымдық беретіндігін де айтты. Бұл тұста Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ниеті де зор. Президент еліміз зор үміт артқан Қашаған кен орнының мәселесіне де тоқталды. Мемлекет Қашағандағы өндірісті 2016 жылы бастауды жоспарлағанмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл мәселеге қатысты пікірі бөлек. Қазақстанның қара алтын өндірісінің бүгінгі көлемінің жеткіліктігін айтқан президент, келер ұрпаққа Қашағанды аманаттау арманы да барын жасырмады. Көпті мазалаған кезекті сауал, сайлаудан кейін болуы тиіс девальвацияға қатысты жел сөз. Теңгенің құлдырауына негіз жоқ деген Елбасы, жақын болашақта төл теңгені күшейтіп, реттеуді нарық ырқына беретіндігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Біз теңгені нарықта еркіне қоя беру бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Бұл өте күрделі жұмыс, оны Халықаралық валюталық қорымен ақылдаса атқарудамыз. Алдағы бес жылда теңге әлемдік өзге валюталар сынды нарықтың талабына байланысты еркін реттелетін болады. Бірақ ол үшін қажетті экономикалық негіз жасау керек. 

Ал төтесінен қойылған кезекті сауал, Мемлекет басшысын сәл ойландырып, кешегі күнге саяхаттауға мәжбүр етті. Президент лауазымындағы ең басты жетістік туралы сұрақтың жауабын Елбасы алыстан тарқатты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

После развала Советского Союза Казахстан оказался как кусочек разбитой тарелки об асфальт. Оборванный от всего. Все экономические связи оборваны в один момент, все предприятия остановились, отопления нет, в многоэтажных домах во дворе дровами чай кипятят, представляете. В моем родном металлургическом комбинате в Темиртау, зарплаты не платим учителям, врачам, армии, пенсии не платим, а ты руководитель этого государства. Что хочешь, делай. В 1993 году надо было вводить нашу национальную валюту, а МВФ просил для того, чтобы вводить, хотя бы 500 млн долларов. Не было этих денег, пришлось занимать.

Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетті сол дағдарыстан алып шыққандығын ең басты жетістік деді. Сөз соңында мемлекет жетістіктерінің көп болуы үшін, елге бірлік қажет, деп түйді Елбасы.

Осы күнге дейін қалай істедік, әрі қарай да жұмысымызды жалғастырамыз. Әлі талай кездесеміз, сау болыңыздар. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ