Русский Сайттың толық нұсқасы

ТМД байқаушылары алдағы сайлауларда учаскелердегі сайлау комиссиясы мүшелерінің санын арттыруды ұсынды

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2015
  • 1442

Қазақстан алдағы сайлауларында учаскелердегі сайлау комиссиясы мүшелерінің санын арттыру керек. Бүгін Орталық сайлау комиссиясындағы арнайы брифингте ТМД байқаушылары миссиясының басшысы Сергей Лебедев осындай ұсыныс айтты. Оның айтуынша, ТМД миссиясының байқаушылары 3 мыңнан астам сайлау учаскесінде болған.  "Сайлау барысында заң бұзушылықтар тіркелмеді. Азаматтардың дауыс беруіне еш кедергі болған жоқ", - деді ресейлік байқаушы.

Сергей Лебедев, ТМД байқаушылары миссиясының басшысы:

Сайлаушылардың белсенділігі зор болды. Әсіресе таңғы уақытта. Көбісі кезекке тұрып жатты. Осы орайда алдағы сайлауларда учаскелердегі сайлау комиссиясы мүшелерінің санын арттыруды ұсынамыз. Біз барған учаскелерде сайлау комиссиясының бес-алты мүшесі ғана отырды. Олардың саны 8-9 немесе онға жетсе, дауыс беру процесі тезірек жүруші еді. Ал жалпы сайлау барысында еш заң бұзушылық болған жоқ.

Жұрағат БАМАН