Есіл
өзені арнасынан асып, Петропавл маңындағы халықаралық маңызы бар
Шелябі-Новосібір тас жолын су басты. Жолдың шамамен 40 метрі су астында қалды.
Топан су сол маңайдағы саяжайларға да тарай бастаған. Осыған байланысты Төтенше
жағдай қызметкерлеріне бұл бағытты жабуға тура келді. Себебі, тас жол
көрінбегендіктен жеңіл көліктер шетке шығып кетіп, батуы мүмкін, дейді
құтқарушылар.
Айта кету керек, Қызылжар төңірегінде дәл осындай жағдай былтыр
да тіркелген болатын. Тасыған Есіл өзені алдымен тас жолдарды басып, кейін
Заречный кентінің шетіндегі саяжайларға жайылған. Төтенше жағдай департаменті
берген мәліметке сүйенсек, Есіл өзенінің деңгейі күннен күнге көтеріліп келеді.
Ал бұған дейін қауіп тудырған, Сергеев су қоймасында жағдай тұрақталған.
Абзал ҚҰРМАНКИН