Русский Сайттың толық нұсқасы

Ж.Айтжанова: Қазақстан Чернобыль атом электр станциясындағы саркофаг құрылысына 1 млн еуро бөледі

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2015
  • 1885

Қазақстан Чернобыльдегі "Жабын" жобасына арнап тағы 1 млн еуро қаражат бөледі. Бұл жөнінде Экономикалық интеграция министрі Жанар Айтжанова мәлімдеді деп хабрлайды Интерфакс. Айтжанованың сөзінше,  Қазақстан Украинаға биыл қаңтарда 300 тонна гуманитралық көмек жөнелтті. Қазіргі уақытта Үкімет кезекті көмек жөнінде келісім әзірлеуде.

Украина Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне кіреді. 2011 жылы Қазақстан Чернобыльдегі бұрынғы атом станциясы аумағында саркофаг салуға 2 млн еуро бөлген болатын. Оның құрылысы 2017 жылы аяқталуы тиіс. Жобаның жалпы құны 2 миллиард 15 миллион еуро. Дүйсенбіде Еуропалық комиссия президенті Жан Клод Юнкер Еуропалық одақтың Чернобыльдегі "Жабын" жобасына арнап 70 млн еуро бөлетінін хабарлаған.
   
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ