Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады. Бұл
жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Бас банкир президентке
ақша-несие саясатындағы негізгі бағыттар, сондай-ақ қаржы секторының
тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары жөнінде баяндап берді.
Кездесу
барысында Елбасы шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсету
керектігін баса айтты. Баспана құрылысын одан әрі жалғастыру жайы да сөз болды.
Президент қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономиканы дамытуға ықпал
ету жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығына айрықша тоқталды. Кездесу
қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты
тапсырмалар жүктеді.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА