Русский Сайттың толық нұсқасы

Испания астанасы Мадрид қаласында теннистен халықаралық турнир басталды

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2015
  • 6620

Францияның Кан-сюр-Мер қаласында теннистен халықаралық турнир жалғасуда. Дәрежелі жарыста сынға түсіп жатқан Қазақстан спортшысы Юлия Путинцева екінші кезеңге шықты. Бірінші айналымда отандасымыз Словакия теннисшісі Кристина Куцованы екі сетте ұтты.



Испания астанасы Мадридте теннистен "Мастерс" турнирі басталды. Бір апта бойы әлемнің үздік спортшылары бас жүлде үшін талас жүргізеді. Алғашқы сынан сүрінбей өткен Швейцария спортшысы Стэн Вавринка үшінші кезеңге шықты. Бұл сында Вавринка Португалия теннисшісі Жоао Соузамен ракетка түйістірді. Кездесу тартысты өтті. Дегенмен тай-брейкте жолы болған швейцариялық бірінші сетте 7-6 есебімен басым түсті. Үзілістен кейін де спортшылар бір-біріне дес бермеді. Жауапты сәттің бірінде жұдырықтай жұмылған Стэн Вавринка қарсыласының ойлағанын іске асырмай, кездесуді өз пайдасына шешті.



Футболдан чемпиондар лигасының жартылай финал ойындары жалғасуда. Германия чемпионы "Бавария" Испанияның "Барселона" клубымен өзара сынға түседі. Екі команда арасындағы алғашқы жекпе-жек "Камп Ноу" стадионында өтеді. "Бундестим" сапында жарақатына байланысты Арьен Роббен, Франк Рибери, Алаба және Роде кездесуге қатыспайды. Осыдан екі бұрын "Бавария" футболшылары екі кездесу қорытындысы бойынша каталондық ұжымды 7-0 есебімен ойсырата жеңді. Сол нәтижені ескере отырып, бұл жолы Луис Энрикенің шәкірттері қарымта қайтару үшін аянып қалмайды.

Самат ҚАНАҒАТОВ