Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани құттықтады

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2015
  • 1145
Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы  жеңісімен Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы  жеңісімен Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани құттықтады. Бұл туралы Иранның Қазақстандағы Елшілігінен хабарлады,-деп жазады Қазақпарат.

«Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мырза! Сізді Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайлануыңызбен құттықтаймын! Бұл таңдау Иран  мен Қазақстанның  екі жақты қарым-қатынастар аясында жоспарланған бағдарламаларды жүзеге асыруына  жақсы мүмкіндік жасайды. Жаратушы Иемізден Сізге мықты денсаулық пен зор жетістіктер тілеймін !» - деп жазылған құттықтауда.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА