Русский Сайттың толық нұсқасы

Жеңіс күніне арналған ұлттық нақыштағы ленталар көпшілікке тегін таратылды

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2015
  • 1265

Атырауда  Жеңіс күніне арналған ұлттық нақыштағы ленталар тегін үлестіріліп жатыр. Оны еріктілер өз қаражаттарына жасатқан. Тәуелсіз еліміздің көк байрағына ұқсас көгілдір ленталарға алтын түсті ою жапсырылған. Исатай-Махамбет алаңындағы жүргіншілер мен жүргізушілер оны қуана қабылдап алып жатыр. Ұлттық нақыштағы лентаны көпшілікке ұсынған  атыраулық қарапайым үш азамат. Олар мұндай лентаның 2 мың данасын жасатқан. Еріктілер, бұл Жеңіс күніне қосқан үлесіміз, - дейді.

Талғат Аян:

Бұл енді тек қана патриоттық сезім. 9-мамырға дейін Жеңіс күніне дейін таратамыз деген ой бар. Бұл тек Атыраудың патриоттық азаматтарының жеке өзінің қаражатына. Екі мыңдай шығардық. Қазір қаланың басқа жерлеріне де таратып жатыр жігіттер. Машина көп жүретін жерлерде.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ