Танымал
әнші Батырхан Шүкенов Алматыда
жерленеді. Бұл ақпарат әншінің Instagram
желісіндегі ресми парақшасында хабарланды. Әзірге қоштасу рәсімі қашан өтетіні
белгісіз. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Шөкеновтың қазасы туралы «А-Студио»
тобының әншісі Кети Топурия хабарлаған.
Алдын-ала мәлімет бойынша, өнерпаз
Мәскеудегі пәтерінде жүрек талмасынан
қайтыс болған. Есімі өнерсүйер қауымға кеңінен танымал әнші 1962 жылы 18
мамырда Қызылордада дүниеге келген. Өнер жолын саксофоншы ретінде бастаған
музыкант 1988 жылы «А'Студио» тобының әншісі болды. Өнерпаздың атағын шығарған
«Джулия» әні болатын. Батырхан Шүкенов «А'Студио» тобынан 2000 жылы бөлек
кетіп, жеке өнер жолын бастады.
Ал биыл Батырхан Ресей телеарналарының бірінде «Один
в один» жобасына
қатысқан еді. 18 мамырда әнші 53 жасқа келер еді. Instagram әлеуметтік желісінде әншінің
қазасына қайғырып көңіл айтушыларға арналған парақша ашылды. Онда әншінің
әріптестері, достары, тыңдарман қауым өз көңілдерін білдіруде.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА