Русский Сайттың толық нұсқасы

Испанияның «Барселона» командасы чемпиондар лигасының ақтық сынына бір табан жақындады

  • AstanaTV
  • 07 мамыр 2015
  • 986

Испанияның «Барселона» командасы чемпиондар лигасының ақтық сынына жақындай түсті. «Камп Ноу» стадионында өткен алғашқы ойында Германияның «Бавария» клубын қабылдаған Луис Энрикенің шәкірттері 3-0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймда есеп ашылмағанына қарамастан, үзілістен кейін қонақтардың қақпасына тап берген алаң иелері есеп ашты. Голдың авторы - Лионель Месси. Бір голмен шектеліп қалмаған аргентиналық шабуылшы араға 3 минут салып есепті еселеді. «Бавария» командасының қорғанысын жеке дара бұзып өткен Месси дубльдің авторы атанды.

Ал бұл ойындағы соңғы нүктені Неймар қойды. Әріптесінің пасынан кейін қақпашымен бетпе-бет шыққан шабуылшы есепті қорытындылады. Екі команда арасындағы қарымта ойын 12 мамыр күні «Альянс Арена» стадионында өтеді.

Самат ҚАНАҒАТОВ