Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық мәслихатына 25 кандидат ұсынды

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2016
  • 1655

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық мәслихатына 25 кандидатын ұсынды. Елордада өткен саяси ұйымның қалалық филиалының кезектен тыс ХХІІ конференциясында тізім бір ауыздан мақұлданды. 

Мәслихат депуттаттығына үміткерлер тізіміне енген адамдардың ішінде емханалардың бас дәрігерлері, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, танымал кәсіпкерлер мен жастар бар. Кандидаттардың 4,4%-ы 30-ға дейінгі жастар. Ал 37%-ы 50 жасқа дейінгі азаматтар. Айта кетерлігі, кандидаттар тізімінің үштен бір бөлігі жаңарған.

Еске салайық Астана мен Алматы қалалық және еліміздің аймақтарындағы жергілікті мәслихаттар сайлауы Мәжіліс сайлауымен қатар наурыздың 20-сында өтеді.

Әділбек Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы: 

Бұл Елорданың дамуына айтарлықтай үлес қосып отырған Астанаға танымал адамдар. Тұрғындар арасында беделді. Кандидаттар құрамы өзгерді. Әйелдер көбейді. Жастар, бизнес өкілдері пайда болды. Енді әр сайлаушыға сайлауда оның даусы маңызды екенін жеткізу керек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ