Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлыбританиядағы Парламент сайлауында консерваторлар партиясы жеңіске жетті

  • AstanaTV
  • 08 мамыр 2015
  • 1762

Ұлыбританиядағы Парламент сайлауында қазіргі премьер-министр Дэвид Кэмерон басқаратын консерваторлар партиясы жеңіске жетті, -  деп хабарлайды Рейтерс. Экзит Пул нәтижесі осыған саяды. Консерваторларға 650 орындық қауымдар палатасынан, 316 мандат беріледі. Ал Эди Милибэндтің оппозициялық Лейбористік партиясына 239 орын бұйыруы мүмкін. Рейтерстің хабарлауынша,  Кэмерон үшін, үкіметті жасақтаудың бірнеше жолы бар. Ол коалициядағы жақтастары - либерал- демократтарға арқа сүйеуі мүмкін. Оған қоса бұл жеңіс Кэмеронның премьер орынтағын сақтап қалатынын білдіреді. Аталған коалиция Ұлыбританияны 2010 -жылдан бері басқарады. Қазіргі сайлау нәтижесі Біріккен Корольдіктің Еуропалық Одақ құрамында қалу-қалмауына, Шотландияның тәуелсіздігі сияқты маңызды мәселелердің қалай шешілеріне әсер етпек. Еске салсақ, Британияда Парламенттік сайлау кеше өтті. Бұл күні 5 мыңға жуық сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Брайан Баррингтон, Консерваторлар партиясының жақтасы:

Мен таң қалдым. Ел сайлауға дайындалғанда біраз қобалжығам. Егер лейбористер жеңіске жетсе, шынымен ренжуші едім. Қазір көңілім тоқ.

Мөлдір ДЮСЕКИНА