Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ақ жол» партиясы жұмыс тобының отырысы өтті

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2016
  • 3238

«Ақ жол» партиясы несие алып, оны төлей алмай дағдарып жүрген азаматтарға көмектеспек. Партия сайлауалды науқаны кезінде аталған проблеманы өз тұғырнамасына енгізуді көздеп отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда партия өкілдері, банк қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлерден жасақталған жұмыс тобының кезекті отырысында айтылды.

Саяси ұйым белсенділері, ол үшін алдымен «Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы» заң жобасын талқыға салуды ұсынды. «Ақ жол» демократиялық партиясының парламенттік фракциясы соңғы үш жылда бұл мәселені жиі көтеріп келгенін айтады. Ендігі үміт алда өтетін сайлауда, - дейді олар. Сондай-ақ борышкерлердің «жанайқайын» тағы да заң шығарушы орган деңгейінде көтеруге уағдаласып отыр.

Нұрлан Жазылбеков, «Ақ жол» партиясы орталық кеңесінің төралқа мүшесі:

Сол банкротқа ұшыраған жеке тұлғалардың мәселесін көтеріп отырмыз. Азаматтарды тікелей төлемнен босату емес, жеңілдік жасап, табысына қарай қарызын өтеуге жағдай жасау керек. Бұл ұсынысты былтыр «оңтайландыру» туралы заңға енгізуді сұрағанбыз. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ