Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада екі жасөспірім көп қабатты үйдің балконынан секіріп кетті

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2015
  • 1382

Астанада екі жасөспірім көп қабатты үйдің балконынан секіріп кетті. Полиция қызметкерлері олардың өз-өздеріне қол салу себебін анықтауға кірісті. Бұл жөнінде қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға жайлы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған. Әлдекімнің биік үйдің балконынан екі жеткіншектің секіргенін түсіріп алған бейнежазбасы жарияланды. «Суицид дерегі бойынша полиция қызметкерлері Құдайбердіұлы даңғылында орналасқан көп қабатты үйде болған оқиғаның жай-жапсарын анықтауды бастады», - делінген құзырлы органның хабарламасында.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА