Русский Сайттың толық нұсқасы

Сауд Арабиясы ҚР Үкіметінен қазақстандық астықтың экспорты үшін жеңілдіктер жасауды сұрады

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2015
  • 1321

Сауд Арабиясы Қазақстан Үкіметінен астық экспорты үшін жеңілдіктер сұрады. Бұндай ұсынысты бүгін Астанада екі ел өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан бизнес-форумда Сауд Арабиясы Сауда палаталары кеңесінің төрағасы Абдулрахман әл-Замил айтты. Ол екі ел кәсіпкерлер кеңестерінің жұмыстары жанданғаннан кейін, Қазақстан астығын Сауд Арабиясына экспорттауда жеңілдіктер ұсыну тұрғысында министрліктермен бірге тиісті шешім табылатынына үміт білдірді. Бұған қоса ол Қазақстан және Сауд Арабиясы арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру табысты болуы үшін екі ел арасында тікелей әуе бағдарларының санын көбейту керектігін де атап өтті. Бизнес форумға Сауд Арабиясының 120-дан астам ірі кәсіпкері келді. Араб тарапы химия, мұнай химиясы, ауылшаруашылығы, металлургия сынды салалар бойынша қызығушылық танытып отыр.

Абдулхарман Әл-
Замил, Сауд Арабиясы сауда палатасы кеңесінің төрағасы:

Биыл біз екі мәселеге назар аударуымыз керек. Біріншіден, қазақ бидайын Сауд Арабиясына экспорттау үшін жеңілдіктер қарастыру керек. Өйткені Қазақстан бидайының сапасы өте жоғары. Сондықтан осы сұраққа қатысты қиындықтар бұдан артық туындамайды деп үміттенемін. Екіншіден біз химия және мұнай химиясы салаларындағы әріптестікті дамытамыз. Жеке кәсіпкерлікті де алға бастыру бойынша жоспарларымыз бар. Сондықтан екі ел арасында авиациялық бағыттарды арттыру мәселесі өзекті. Яғни Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында тура ұшатын әуе бағыттарын жетілдіру керек.

Мөлдір ДЮСЕКИНА