Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Алматыдағы универсиада өтетін нысандарды аралады

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2016
  • 1730

Алматы әуежайының сыйымдылығы аздығынан қосымша терминал іске қосылуы мүмкін. Себебі жаңа әуежай құрылысын салу - ұзақ процесс. Бұл туралы бүгін Алматыны дамыту және 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың дайындығы жөніндегі кеңес кезінде Елбасы мәлімдеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы, байрақты бәсеке өтетін спорт нысандары дайындығын жыл соңына дейін аяқтап, дүбірлі додадан соң халық игілігіне беруді тапсырды. Тілшіміз тарқатады. 

Бұл - 2017 жылы дүниежүзілік қысқы универсиаданың ашылу салтанаты мен мәнерлеп сырғанау және керлингтен жарыс өтетін 12 мың көрерменге арналған «Мұз айдыны». Мұнда қазір құрылыс қызып жатыр. Монтаж жұмыстары қазан айында аяқталуы тиіс. Универсиаданы тамашалауға Алматыға әлемнің түкпір-түкпірінен 30 мың саяхатшы келеді деп жоспарланған. Қазіргі кезде 34 ел жарысқа қатысатынын растап, онлайн-тіркеуден өткен. Спорттық шараны ұйымдастыру ісіне 3 мыңға жуық ерікті тартылмақ. Бұл бәсекені теледидар арқылы 80 елдің 1 миллиард тұрғыны тамашаламақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Трансляция соревнований, встреча туристов - все должно принести доход. Важна дальнейшая судьба этих сооружений, чтобы не было так, что государство будет тратить средства на их содержание. 

Сондай-ақ кеңейтілген кеңес барысында Мемлекет басшысы қаланың даму қарқынына тоқталды. Тұрғын үй коммуналдық жағдайды жақсартуды жергілікті билікке қадап тапсырды. Тек шенеуніктер жүретін басты жолды жамап-жасқағанша, артылған қаражатты кешеуілдеп дамып жатқан аудандарға салуды міндеттеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Не надо лизать дороги, по которым начальство ездит. Все средства направить на неблагоустроенные районы, там, где плохо с дорогами. Объявить полностью работу по очистке кварталов, малых спортивных сооружений, озеленению города, восстановлению фонтанов, арычной системы. То есть каждый житель города чтобы почувствовал. В центре все сделано, или начнете опять четвертый слой асфальта класть. Не надо этого делать.

Туристтерді бірінші болып қабылдайтын әуежайдың мәселесі де назардан тыс қалмады. Қазіргі әуежайдың сыйымдылығы аз екенін министр Әсет Исекешов айтты.

Әсет Исекешов, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Елбасы, сіз айтқандай, әуежай - туристерді қабылдайтын негізгі орта. Бірақ халықаралық әуежай талаптарына сәйкес келмейді. Сондықтан біз бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізіп, қабылданатын тиісті шаралар туралы сізге мәлімдейтін боламыз.

Мемлекет басшысы бүгінгі жиында Универсиада нысандарының барлығы белгіленген мерзімінде аяқталатынына сенім білдірді. Бастысы байрақты бәсекеге кезінде барлық спорт нысандары халықаралық стандарттарға сай және саяхатшылар мен спортшыларға көрсетілетін қызмет сапалы болуын қадалауды тапсырды. «Бұл ел бизнесінің өркендеп, тек Алматының ғана емес, Қазақстанның имиджін қалыптастыруға көмектеседі",- деді Елбасы.

Айгүл ЕРМАХАН