Ұлттық
нақыштағы ою-өрнектер күнделікті киімге де жарасымды. Шымкенттік дизайнерлердің
басты ұстанымы осы. Мұнда «Жібек жолы айшықтары» атты дизайнерлер көрмесі өтті.
Авторлар қазақтың киім үлгісі ұлыстың ұлы күні Наурызда ғана сандықтан
шығаратын киім болып қалмауы тиіс деп санайды.
Айзада
Төребекқызы, тілші:
Модельдер
подиумға киіп шыққан көйлектер бір-бірінен өзгеше. Бірақ барлығы ұлттық
нақышта. Аймақтағы отыздан астам дизайнердің пікірі ортақ. Олар «қазақтың
ұлттық киімі әрдайым қолданыста болуы керек»,- дейді.
Дильдора
Юнусова, дизайнер:
Мен
мейлінше, этно үлгіні сақтауға тырысамын. Қазақтың ұлттық нақышы қандай үлгі
болмасын жарасып шыға келеді. Көбіне оюларды қолмен өрнектеймін. Көз майымды
тауысып тіккен киімдерді қай жерге киіп барсаңыз да қазақ халқының ерекшелігі
бірден байқалып тұрады.
Айзада
Төребекқызы, тілші:
Ал
мынау күнделікті киюге арналған көйлектер. Той -жиынға жарқыратып киіп баруға
да болады ,-дейді авторлар. Тіпті, кеңсе қызметкерлерінің ресми киімдерінің өзі
оюымен керемет үйлесіп тұр. Көрермендер арасында, жарасымды тігілген үлгілерге
қызықпаған адам жоқ.
Aрайлым
Назарова:
Неге
оны күнделікті тұрмысқа кимеске. Бұл ташама ой деп ойлаймын. Тұрмысқа киюге
арналған киімдер өте көп ою-өрнектерімен және де ол шет елдің басқа киімдеріне
қарағанда өте сәнді әдемі көрінеді, сатылымға шықса мен ойланбастан алатын
едім.
Айзада
Төребекқызы, тілші:
Айта
кетейік, аталмыш шара осымен екінші рет өткізіліп отыр. Басты мақсат қазақтың
ұлттық киім үлгілерін көпшілікке ұсыну. Заманауи киім үлгісін жаңғыртамыз, -
дейді ұйымдастырушылар.
Айзада
Төребекқызы, тілші:
Көрмеде
шебер қолдан шыққан әшекей бұйымдар да қойылды. Мәселен мына менің мойнымдағы
алқа: моншақтардан, қошқар мүйіз ою өрнегінен жасалған. Қолөнер шеберлері
зергерлік бұйымдарды алтын немесе күмістен соғу шарт емес деп санайды. Олар
мына секілді білезіктер мен менің құлағымдағы сырғаларды былғарыдан жасауға
кіріскен.
Дизайнерлер
кешкілік сән көйлектері әшекейлермен үйлесімді болатынын айтады. Сондай ақ олар
қолөнер бұйымдарына оның ішінде ұлттық ою-өрнектегі дүниелерге сұраныс артып
келеді дейді.
Ұлжан
Байзақова, шебер:
Менің
қолымдағы бұл үлкен алқа. Өзіңіз білесіз, бізде ертеректе ата-бабаларымыз
алқаны үлкен етіп жасаған. Себебі қыздың омырауын түгел жауып тұратын болған.
Оның бір мәдени және біздің тәрбиелік мәні өте жоғары.
Айзада
Төребекқызы, тілші:
Сән
әлеміндегі он саусағынан өнері тамған таланттар бұл жолы этно-стиль үлгісінен
бөлек «Эксклюзив», «Прет-а-Порте» үлгісіндегі киімдер коллекциясын да ұсынды.
Дизайнерлер өздерінің тың туындылары қазақтың нақышты киім үлгісінің қатарын
толықтыратынына сенімді.
Айзада
ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ