Қазақстан коммунистік халықтық
партиясы үгіт-насихат жұмысымен Көкшетауға келді. Маркс-Ленин қағидатын
ұстанған азаматтар алдымен жас партияластарымен кездесуді жөн көрген. Басқосуда
елдің болашағы жайында келелі әңгіме қозғалды. Әрі басты ұстанымдары - батысқа
еліктемеу қажеттігін де жастарға қадап айтып жатты. Коммунистер көкше жұртын
өздерін қолдауға, электоралды компаниясына да белсенді түрде қатысуға шақырып
отыр.
Тұрғын Сыздықов, ҚКХП ОК хатшысы:
Батыс қоғамында рухани-адами
құндылықтардың құлдырауы адамның жоғалуынан да қауіпті. Мәселен, ақшаға құнығу,
дивиденттердің соңындағы сергелдең адамдарды тұтынушы құлдарға айналдырды.
Міне, біз жастардың бойын осыдан аулақ ұстауымыз қажет.
Құралай ПИОНЕР