Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауғанстан билігі тәліптермен құпия келіссөздер жүргізді

  • AstanaTV
  • 25 мамыр 2015
  • 1147

Ауғанстан билігі Үрімшіде тәліптермен құпия келіссөз жүргізді. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды. Басылым келіссөз өте жоғары дәрежеде өткенін мәлімдеді. Екі тараптан да лауазымды тұлғалар қатысқанРесми Кабул атынан таяуда Ауғанстанның Қорғаныс министрі орнына отыруы мүмкін Мұхаммед Массум Станикзаи қатысқан. Ал, тәліптер тарапынан - Пәкістанның Кветта қаласындағы басқарушы кеңеске жақын жүрген адамдар келіпті. Сонымен қатар, басылым екі тараптың кездесу үшін таңдаған жерінің маңыздылығын да атап өткен. Соңғы кезде Қытай Ауғанстан мен тәліптер арасындағы мәселеге белсене араласуда.

Берік ХАСЕНОВ