Русский Сайттың толық нұсқасы

Сирия оппозициясының кезекті келіссөздері тағы да Астанада өтуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2015
  • 1182

Сирия оппозициясының кезекті кездесуі тағы да Астанада өтуі мүмкін. Бұл туралы айтуға ерте болса да, мұндай кездесуге қажеттілік туындауы мүмкін деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» димломатиялық ортадағы дереккөзге сүйеніп. Дерекші Астанадағы келіссөздердің нәтижелі болғанын айтқан. Сонымен қатар, сириялық тараптардың қазақ билігіне алғыс білдіргенін жеткізді. Ал бұған дейін Астанада келіссөздер жүргізіп жатқан Сирия оппозициясы өкілдерінің басым бөлігі бүгін тиісті келісімге қол қойды деп хабарлаған едік. Бұл туралы Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы плюралистік қоғам үшін қозғалысының өкілі Бассам Битарға сілтеме жасап РИА Новости хабарлады. Бірақ ол қандай топтардың келісімге қол қоюдан бас тартқанын айтпады. Және кейбір тараптың не себепті мәмілеге келе алмағаны да белгісіз. Ал Сирияның плюралистік қоғам үшін оппозициялық қозғалысының лидері Ранда Кассис пікір-талас жүргізген тараптардың әрбір 2-3 айда бір кездесіп тұру керек деген шешімге келгенін айтты. Және көпшілігі келіссөздердің кезекті турын да Астанада өткізу керек деген байламға тоқтаған.

Еске салайық, Сирия оппозициясының келіссөздері Астанада дүйсенбіде басталған болатын. Бұл келіссөздің Елордада өтетінін СІМ Ерлан Ыдырысов өткен апта соңында Астана экономикалық форумы барысында мәлімдеген. Ал кеше министр Сирия оппозициясының Астанада бас қосқан өкілдері келіссөздің бірінші күнін сындарлы өткізді деп мәлімдеді. Және тараптар келіссөздер соңында арнайы баспасөз мәслихатын өткізетінін айтқан еді.

Айгүль ӘДЕПБАЙ