Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының премьер-министрі Зоран Милановичті қабылдады

  • AstanaTV
  • 27 мамыр 2015
  • 1082

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Хорватия Республикасының премьер-министрі Зоран Милановичті қабылдады. Кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика салаларындағы өзара іс-қимылын жандандыру мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ кездесуде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар да қарастырылды. Зоран Миланович Қазақстан-Хорватия ынтымақтастығының қарқыны артып келе жатқанын, бұл өзара қарым-қатынастың негізгі салаларына оң ықпал етіп отырғанын атап өтті. Қазақстан Президенті еліміз бен Хорватия арасында достық қатынастар орнағанын атап өтті.

Жұрағат БАМАН