Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚКХП сайлауалды үгіт-насихат кампаниясына дайындықты бастады

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2016
  • 1459

Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы сайлауалды үгіт-насихат кампаниясына дайындықты бастады. Бүгін Астанада саяси ұйымның бас кеңсесінде скайп-семинар өтті. Онда партияның облыстық және қалалық комитеттерінің мүшелері электоралды кезеңдегі заңдылықтар тақырыбын талқылады. Яғни сайлауалды үгіт-насихат мерзімі, талаптары, сенімді өкілдердің тиісті заңдарды білуі мен БАҚ пайдалану жайы да сөз болды. Осындай семинарларды елдің барлық аймақтарында өткізу жоспарланған. 

Гүлмира Смағұлова, ҚКХП заңгері:

Үгіт-насихат жұмыстары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелген. Бұл шаралар БАҚ пайдалана отырып жүргізіледі. Сайлауалды шаралар көпшілік назарына ұсынылады. Түрлі басқосулар, сайлаушылармен кездесулер өткізіледі. Дебаттар мен пікірсайыстар тағы бар. Мұндай шараларға заңмен тыйым салынбаған.   

Базаргүл ОТЫНШИЕВА