Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда автобус аударылып, бір адам қаза болды

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2015
  • 1024

Қарағанды облысында жолаушылар тасымалдайтын автобус аударылып әйел адам қаза тапты, тағы төрт жолаушы ауыр жарақаттанған. 17 жолаушысы бар, қоғамдық көлік Доскей ауылынан облыс орталығын бет алған. Алдын-ала болжам бойынша, жүргізуші автобус рөліне ие бола алмай қалған, осының салдарынан көлік жолдың жиегіне аударылып кеткен. Автобустағы адамдар түрлі деңгейде жарақаттар алды. Зардап шеккендер аударылған автобустан сыртқа өз беттерінше шыққан. Көбі соның арқасында тірі қалғандарын айтады. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, бірнеше сараптама тағайындалды.

Камила Канафина:

Аударылып түстік. Терезелердің сынып кеткенін естідім. Құлап соққы алдым ғой деймін. Есімді жисам айнала қып қызыл қан. Ер адамды көрдім мұрыны сынған сияқты. Бір әйел қанға малынып ес түссіз жатты.

Мөлдір ДЮСЕКИНА