Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да сайлауға дайындық қызу жүріп жатыр

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2016
  • 1843

Батыс Қазақстан облысында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына дайындық қызу жүргізілуде. Облыстық сайлау комиссиясының дерегінше, 734 сайлау учаскесі бар, жуырда қосымша 21 учаске ашылған. 430 мың адамға қызмет көрсетіледі, - деді комиссия төрағасы Ғайса Қапақов.

Бүгінге дейін  373 адам үміткер ретінде тіркелген. Олардың 283-і өзін өзі ұсынған. Депутаттыққа кандидат ретінде тіркелген 89 үміткердің 86-сы «Нұр Отан» партиясы, екеуі - «Ауыл», тағы біреуі «Ақ жол» партиясының өкілі. Жасы 25-ке толмаған 36 азамат сайлауда бағын сынап көруге бекінсе, қыз-келіншектердің үлесі 30 пайызға жеткен. Төрағаның айтуынша, үміткерлер қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген адамдар.

Ғайса Қапақов, БҚО сайлау комиссиясының төрағасы:

Батыс Қазақстан облысы әрқашан да өзінің электоралдық белсенділігімен көрініп келеді. Кандидаттардың ішінде БҚО-да тұратын сегіз түрлі ұлттың өкілі бар. Кешегі президент сайлауында халықтың 97 пайызы қатысты. Биыл да сол мөлшердегі адам қатысады деген ойымыз бар.

Еркін КАРИН