Кәсіпкерлердің құқықтық
сауаттылығын көтеру керек. «Ақ жол» партиясының мүшесі Алмас Тұртаев саяси
ұйымның қоғамдық қабылдауында осылай деді. Партия өкілдері бизнес иелерінің
шағымын тыңдады. Қабылдауға келгендер ғимараттың жалдау ақысының қымбаттығы,
әкімшілік кедергілер мен заңсыз әрекеттер, рейдерлік тартып алулар сынды мәселелерді
көтеріп отыр.
Ақжолдықтар бюрократиялық үрдістердің әлі де аяқтан шалып
жатқанын жоққа шығармады. Салық салу жүйесіне қатысты да көптеген сұрақтар бар
екенін жасырмады. Жалған кәсіпкерлік мәселесі өз алдына бөлек әңгіме. Мәселен,
Павлодарда пластик терезе дайындайтын бір фирма жалған кәсіпкерлікпен
айналысқан. Қазақстанның алты аймағынан бірнеше компанияны алдап, тақырға
отырғызады. Алданғандар енді ақжолдықтардан араша сұрауда. Партия өкілдері
арызын арқалап келген әрбір адамның ісін жеке қарастырамыз деп отыр.
Алмас Тұртаев, «Ақ жол»
демократиялық партиясы мүшесі:
Көп жағдайда кәсіпкерлердің
өздері де күнделікті өзгеріп жатқан заңнамалық актілерден, құқықтық
сауаттылықтарын көтеру керек. Біз міндетті түрде әрбір шағымды қарауға
дайынбыз. Өкінішке орай, кейбір сол заңның орындалуы іс жүзінде орындалу
барысында тағы да мәселелердің барын уақыт көрсетіп отыр.