Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда 500-дей туристі бар кеме апатқа ұшырады

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2015
  • 1281

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Янцзы өзенінде туристер мінген кеменің апатқа ұшырауына байланысты маңызды нұсқаулар берді. Бұл жайында «Синьхуа» агенттігі хабарлайды. Оқиға орнына Қытай Мемлекеттік Кеңесінің Премьері де шұғыл жеткен. Айта өтейік, кеше Янцзы өзенінде Нанкин қаласынан Чунцинға бет алған кеме апатқа ұшырады. Оның ішінде 458 адам болған. Олардың басым бөлігі саяхатшылар. Бортта 406 турист болған.  47 адам экипаж мүшесі, қалғандары түрлі туристік компаниялардың қызметкері. Алдын ала дерек бойынша, қайғылы жағдай ауа-райының қолайсыздығынан орын алған. Қазіргі кезде іздеу-құтқару іс-қимылдары жалғастыруда.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА