Русский Сайттың толық нұсқасы

«Атамекен» ҰКП жемқорлыққа қарсы хартия қабылдамақ

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2015
  • 1127

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жыл соңына дейін кәсіпкерлердің жемқорлыққа қарсы хартиясын қабылдамақ. Бұл туралы палата басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов мәлімдеді. Аталмыш құжат кәсіпкерлердің қатысуымен құрылған. Хартияны қабылдау, не қабылдамау кәсіпкерлердің еркінде. Бірақ хартияға қосылған бизнес өкілдеріне үкімет тарапынан жеңілдіктер қаралады. Сонымен қатар кәсіпкерлер өз компанияларында жемқорлыққа қарсы бағдарлама қабылдап және оны жүзеге асыруға міндеттеледі.

Асқар Қалдыбаев, ҚР «Атамекен» ҰКП бас хатшысының орынбасары:

Хартия негізі корпаративтік басқару қағидаларына негізделген. Ал корпоративтік қадиғидалар бұл - жариялық негізінде болуы тиіс. Жоспаралы түрде болуы тиіс, жүйелі түрде болуы тиіс деп ойлаймыз. Және кәсіпкерлер егер осы хартияға қосылатын болса, онда әр кәсіпкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама жасауға тиісті.

Айгүл ӘДЕПБАЙ