«Ауғанстандағы
жағдай тым құлдырап барады». Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы мультимедиалық
баспасөз конференциясында «Астана» телеарнасының сұрағына осылай жауап берді.
Николай Бордюжаның айтуынша, ауған шекарасындағы жағдай өте күрделі. Сондықтан
ондағы қауіпсіздік күшейтіліп жатыр.
Бордюжа ұйымның әскери күшін ұйымнан тыс
жерлерде, мәселен, Сирияда қолданудың мүмкін еместігін де айтып өтті. «Ұжымдық
қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің басшылары әскердің күшін біздің
мемлекеттердің аумағынан тыс жерлерде қолданады»
деген сөз шынайылыққа жатпайды», - деді.
Николай
Бордюжа, ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы:
Ауғанстандағы
жағдай құлдырап барады. Сондықтан күштік әлеуетімізді арттыру үшін, нақты
шаралар атқарудамыз. Тәжік-ауған шекарасында күзетті күшейте түсу мақсатында, мемлекетаралық бағдарлама құрып жатырмыз. Соңғы екі жылда Тәжікстан билігі
шекараны күшейту, қарулы күштерін әскери дайындықта ұстау бағытында,
инфрақұрылымын жақсартуда салмақты қадамдар жасады. Аймақтағы жағдайды
ушықтырмау үшін, барлық жағдай жасалып жатыр.
Айгүл ӘДЕПБАЙ