Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарлық кәсіпорында сұйық хлордың төгілуі тіркелді

  • AstanaTV
  • 02 маусым 2015
  • 2250

Керекуде сұйық хлордың төгілу дерегі тіркелді. Оқыс оқиғаның «Каустик» акционерлік қоғамында орын алғанын, облыстық төтенше жағдайлар департаменті растап отыр. Олардың пайымынша, бұл апаттан тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ. Айтуларынша, химиялық заттың жайылуы тек цехтың ішінде орын алған.

Соңғы ақпарға сәйкес, төгілген хлордың көлемі 150-200 келідей. Бірақ, дер кезінде жүргізілген жедел әрекеттің арқасында химиялық зат сыртқа тарап үлгермеді, - дейді төтенше жайт бойынша мамандар. Дегенмен, оқиға орын алған аумақ бақылауға алған. Ауа құрамындағы хлор мөлшерін анықтау мақсатында кәсіпорын зертханасында сараптама да жүргізілген. Мән-жайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Айта кету керек, «Каустик» АҚ - химиялық өндіріс зауыты. Кәсіпорында өндіріске қажетті ұнтақ пен хлор өндіріледі.

Серік Қошқарбаев, Павлодар облыстық ТЖД бөлім басшысы:

Сұйық хлор цехтың ішінде жайылған. Ол аумақ бірден бақылауға алынды. Оқиға цехтың ішінде орын алғандықтан, химиялық заттың сыртқа тарауы мүмкін емес. Сондықтан Павлодар тұрғындары алаңдамаса да болады. Зардап шеккендер де жоқ.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ