Русский Сайттың толық нұсқасы

Дағдарысқа қарсы шаралар бойынша президент бастамасына орай сарапшы пікірі

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2016
  • 1465

Экономиканың басым бағыттарын қолдауға қаражат бөлу бастамасы өте құптарлық. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай сарапшылар осындай пікір білдірді. Вячеслав Додонов «бұл қадам дағдарысқа дейін-ақ, яғни күн ілгері  жасалған кешенді жұмыстың арқасында мүмкін болып отыр» деген ойымен бөлісті.

Вячеслав Додонов, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметкері:

Мемлекет басшысының сөзінің жаны бар. Бүгінгі дағдарыс жағдайында кез-келген мемлекетте экономикаға қолдау көрсететіндей артық ақша жоқ. Ал бізде оған мүмкіндік бар. Бұл жүйелі жұмыстың арқасы. Біріншіден, Ұлттық қордың құрылуы, алдағы дағдарысты болжай алған президенттің көреген саясатының арқасы.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ