Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде облыстық маслихат депутаты қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2015
  • 1620

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «Автопарк» жолаушылар тасымалы» серіктестігінің президенті Мейіржан Өндіргенов ірі көлемде қаражат бопсалады,-деген күдікпен қамауға алынды. Бұл жайында облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Ақпаратқа сүйенсек, Ішкі істер департаментіне, күдіктінің бизнестегі бұрынғы серіктесі арызданған. Оның құзырлы орындарға берген дерегінде, депутат «Ақжол ЛТД» мекемесі капиталының 10 пайызын үшінші тарапқа аударуды талап еткен. Психологиялық қысым көрсетіп, қорқыту арқылы меншігіндегі шетел автокөлігін де өзге тарапқа аударуға мәжбүрлесе керек. Осына негізгі алған құқық қорғаушылар, күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғап отыр.

Гүлзия Мақсатқызы, Ақтөбе облыстық соты баспасөз хатшысы:

Күдікті Өндіргенов Мейіржан Сағидуллаевичке қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына 2 ай мерзімге санкция беру туралы өтініш хаты қанағаттандырылды. Мүлкі тәркілену арқылы 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу жазасы тағайындалуы мүмкін.

Мансұр ЕСХОЖИН