Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжілісмендер жемқорлықпен күресу үшін жеке ведомство құру керек, - дейді

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2015
  • 1246

Жемқорлық фактілері аудандық жерлерде кең етек алған. «Бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің азаюы әзірге байқалмай отыр. Осыған алаңдаған парламент депутаттары, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін президентке бағынышты жеке ведомство құру керек деген пікір білдірді. Мәжілісмендер «шенеуніктер» әлі де баспана бөлу, жер ресурстарын пайдалану, кіші және орта бизнес иелеріне несие бөлу сынды мәселелерде заң бұзушылықтарға барып жатыр дейді.

Еркін Шпанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Елімізде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды. Мен депутат ретінде бұл ведомствоның ара-жігін ажырату керек деген ұстанымдамын. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі меритократия принциптерінің қатаң сақталуын бақылауда ұстауы керек. Ал жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі жеке ведомство ретінде, тікелей мемлекет басшысына бағынуы керек деп ойлаймын.

Ләйлә ҚАЗАҚПАРОВА