Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақпарат: Ақмола облысында 17 жасар бозбала суицид жасады

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2015
  • 1657

Ақмола облысында 17 жасар бозбала өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы құқық қорғау қызметкерлеріне сілтеме жасап, «Қазақпарат» хабарлайды.  Полиция мәліметінше, «Қайғылы оқиға 2-маусымда Есіл ауданының Жаныспай ауылында орын алған. 11 сынып оқушысы, 1998 жылы туған бозбала өз үйіндегі мал қорада асылып қалған. Жасөспірімнің мұндай қадамға неліктен барғаны әлі белгісіз. Тек, оның ата-анасы бар екені, және көрші Ковыльное селосындағы орта мектепте білім алғаны анықталып отыр. Құқық қорғау өкілдері әзірге «тексеріс жүріп жатыр»  деумен ғана шектеліп отыр.

Мөлдір ДЮСЕКИНА