Русский Сайттың толық нұсқасы

«100 қадам» үкіметтік емес органдардың дамуына серпін береді

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2015
  • 1162

Мемлекеттік функциялардың азаматтық секторға өтуі үкіметтік емес органдардың дамуына серпін береді. «Қоғамдық-саяси процестердiң сараптама-жобалық бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Оразғали Селтеев осылай дейді. Айтуынша, «100 қадам»  ұлт жоспары мемлекеттiк жүйенiң әлсiз тұстарын жоюға бағытталған.

«Жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан, біз түбегейлі институционалды өзгерістерге бет алдық»,- дейді Оразғали Селтеев. Ол, ұлт жоспары әсіресе елдің ішкі тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етеді, деген ойда. Елбасы бекіткен нақты тапсырмаларға жекелей тоқталған қоғамдық қор өкілі маңызды жоспар үкіметтік емес органдарға көп мүмкіндік береді деген ойда. 


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА