Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде жер қатынастары саласы жемқорлық ең өршіген сала болып отыр

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2015
  • 1280

Елімізде жер қатынастары саласы жемқорлық ең өршіген сала болып отыр. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында айтылды. Агенттіктің Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі өңірлік мемлекеттік органдар басшылары салааралық жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының іске асырылуына немқұрайлы қарайды дейді. Жекелеген облыстарда да қылмыстың бұл түрі жүйелі сипатқа ие.

Есқали Саламатов, ҚР МҚІСЖ қарсы іс-қимыл агенттігі, жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының орынбасары:

Ақтөбе облысында облыстық қаржылық бақылау инспекциясының басшысы Абайдуллин мен оның орынбасары Ізбасқанов, тексерген нысандардың жұмысы бойынша оң шешім шығарғандары үшін, жүйелі түрде 10 мыңнан 100 мың теңгеге дейін пара және жанар-жағармай талондарын алып келген. Қазір бұл іс сотқа жолданды. Дәл осындай жемқорлық схемасы Қызылорда облысында анықталды. Өңірлік қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Бүркітбаев жауапқа тартылды. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ