Қазақстан халқы Ассамблеясы
жылының байрағы салтанатты түрде Ұлттық
мұражайға табыс етілді. Іс-шараға Ассамблея мүшелері, мемлекеттік органдар мен
этномәдени бірлестік өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялаған. Бұл ұйым - этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтаудың басты тірегі. Жыл ішінде
елордадағы мәдени бірлестіктер 150-ден астам іс-шараларға қатысқан. «Қазақстан
халқы Ассамблеясы 20 жыл - 20 ізгі іс» эстафетасы аясында 37 қайырымдылық
акциясы ұйымдастырылды. Онда 17 миллионнан астам теңге жиналып, 7 мыңдай мұқтаж
адамға көмек көрсетілген. 2015 жылды қорытындылаған Ассамблея өкілдері
іс-шараны концерттік бағдарламамен аяқтады.