Русский Сайттың толық нұсқасы

10 мыңнан астам түлек шекті көрсеткіштен аса алмады

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2015
  • 1332

Республика бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден 4 түлек ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 125 балл  жинады. Олар: Астана, Тараз, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының мектептерінде білім алған оқушылар. Ал шекті деңгей саналатын 50 баллды жинай алмаған түлектер саны 10 349-ға жетіп отыр. Айта өтейік, бұл - ұлттық бірыңғай тестілеудің үш күндік қорытындысы ғана. Әзірге, еліміз бойынша 100-ден астам балл жинағандар саны 10 мыңға жуықтап қалды.  Бұл тестілеуге қатысуға ниет білдірген  түлектердің  жалпы санының  17,4%. Жалпы биыл ҰБТ еліміздің 165 пункттерінде өткізіліп жатыр. Оған  87 783  түлек қатысуда. Максималды 125  балл жинағандар - 4 түлек, шекті деңгейдегі 50 баллды жинай алмағандар - 10 349 түлек, 100 баллдан артық жинағандар - 9 779 түлек.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА