Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Кореяда коронавирусынан қаза тапқандар саны 6-ға жетті

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2015
  • 1664

Оңтүстік Кореяда биылғы маусымда туристердің қатары азайған. Оған елде тараған жұқпалы коронавирус себеп болып отыр. Таяу Шығыстан тараған індеттен Оңтүстік Кореяда алты адам қаза тапты. Бұл туралы аталған елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, Рейтерс хабарлайды. Өкпе қабынуы диагнозымен ауруханада ем қабылдап жатқан ер адам қауіпті вирусты басқа науқастан жұқтырып алған. Тек өткен тәулікте науқастардың қатарын 23 адам толықтырды. Қазір індет белгілерімен 87 адам анықталып отыр. Таяу Шығыс синдромын тұрғындардың көбі ауруханаға барып жұқтырған. Қазір ел билігі медициналық мекемелердегі санитарлық-эпедемиологиялық қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Оңтүстік Кореяда вирус мамырдың 21-де анықталған еді. Содан бері қатерлі індетті 87 адам жұқтырып үлгерген. Корея коронавирусты ең көп жұқтырған әлемдегі екінші ел болып отыр. Бұған дейін 2012-жылы Сауд Арабиясында бір мыңнан астам адам осы вирусты жұқтырған болатын. Сол кезде ауру жұтырғандардың 40 пайызы қайтыс болған. Дәрігерлер «коронавирустың алғашқы белгілері қарапайым тұмауға ұқсас. Сондықтан адам оған бірден мән бермейді. Бірақ ол аз уақытта өкпеге жетіп, оны зақымдайды», - дейді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ