Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда органикалық қалдықтарды жою зауытының құрылысына орай халықтық тыңдау өтті

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2015
  • 1859

Керекуліктер органикалық қалдықтарды жою зауытының салынуына үзілді-кесілді қарсы. Өз пікірін тұрғындар ұйымдастырылған халықтық тыңдауда ашып айтты. Тіпті, бұқара ұлттық жобаның мән-жайын түсіндіруге келген топтың сөзін тыңдаудан бас тартты.

Бүгінгі шараға павлодарлықтар тиянақты дайындалып келгені байқалды. Бұған «Өмір сүруге құқығымыз бар!», «Бізді уламаңдар!» сынды тіркестер жазылған мына үндеулер дәлел. Арасында противогаз киіп, жағдайдың қаншалықты ушығатынын көрсеткісі келгендер де табылды. Көбінің жанарынан ашу мен алаңдаушылық табын байқау қиын емес. Бұл жерде, әйелдер жағы белсенділік танытты. Олардың пікірінше, зауыттың салынуы - өз қолымызбен болашақ ұрпақтың өміріне балта шабумен пара-пар.

А у нас есть дети. Я не хочу, чтобы мои дети заболели раком или умерли, ради наших детей. Это самое ужасное. Постройте у себя в Астане по середине!

На сегодняшний день у нас 35 детей в Павлодаре лежат в онкологии. Они рождаются с онкологией. Мы сами хороним детей. Сейчас родители хоронят детей. Я предлагаю этим инвесторам внести средства на лечение онкобольных детей нашего города.

Тұрғындар мінбеге шыққан әр баянадамашыны осылай қарсы алып отырды. Бүгінгі жиынға Энергетика министрлігі, Дүниежүзілік банк пен жергілікті билік өкілдері қатысты. Әрбірі аталған жобаның экономикалық және әлеуметтік маңыздылығына тоқталды. Айтуларынша, жаңа кәсіпорынның экологиялық ахуалға тигізер еш қаупі жоқ.

Бейбіт Шаханов, ҚР Энергетика министрлігі қалдықтарды басқару департаментінің директоры:

Біз 10 аурухана салсақ та, түрлі аурулардан толық айыға алмаспыз. Өйткені оның тамыры тереңде. Ал, бұл жоба арқылы біз дерттерді қоздыратын басты қатерді құртамыз. Зауыт зиянды қалдықтарды шығаруды шектейтін тиісті технология негізінде жұмыс істейді.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ