Русский Сайттың толық нұсқасы

«Abu Dhabi Plaza» құрылыс алаңындағы өрт

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2016
  • 2310

Бүгін таңертең 5-ке 20 минут қалғанда Астанада салынып жатқан ірі қонақүй кешені «Abu Dhabi Plaza» өртке оранды. Ең бастысы – кісі өлімі жоқ.

Өрт 11-қабаттан 25-қабатқа дейін лаулаған. Өрт сөндірушілер 150 жұмысшыны эвакуациялаған. Ғимарат құлаған жоқ. 88 метрлік көтергіш машина, 30 техника және 78 құтқарушы мен өрт сөндіруші жұмылдырылды. 24 полицей жүрді. Өртті сөндірудің қиынға соққаны, ғимарат маңы инженерлік конструкцияларға  толы болған. Алғашқы байлам бойынша  дизельді отынмен жұмыс істейтін қондырғылар өртенген. Ол жерде сынақ жүргізетін лаборатория жұмыс істеп жатыр, себебін дәл анықтау үшін. Айтпақшы ғимарат Қорғаныс министрлігінің жанында орналасқан. Өрт шыққан жерге Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен орынбасары Владимир Божко барған. Өрт сағат 11-дің кезінде сөндірілді.

Қылмыстық іс қозғалды – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін фирманың және құрылыс компаниясының қызметкерлерінен жауап алынып басталған.

Жалпы, көпфункционалды «Abu Dhabi Plaza» кешенін салу туралы келісімге Қазақстан мен Біріккен Араб әмірлігінің үкіметтері  2009 жылы қол қойған етін. 88 қабатты кешен Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болуы тиіс. Онда шын мәнінде «люкс» класындағы апартаменттері бар қонақүй емес емес, пәтерлер, кеңсе және сауда алаңдары, автотұрақ қарастырылған. Жалпы ауданы 510 мың шаршы метрден асады.