Сәрсенбіде Президент үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, бірнеше пәрмен берді. Біріншіден, құрылыс тоқтап қалмау үшін келесі жылға жоспарланған жобалар қаржысынан 360 млрд теңге алынады. Оның 53 млрд-ы «Бәйтерек» холдингі арқылы жалға берілетін тұрғын-үй құрылысына, 149 млрд-ы несиеге берілетін тұрғын-үй құрылысына. «Самұрық-Қазына» арқылы жекеменшік құрылыс компанияларына 97 млрд теңге қарыз беріледі. Ал үй салынатын жерлерге инфрақұрылым түзу үшін әкімдіктер арқылы 61 млрд теңге бөлінбек.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті:
Бұл шаруаға тұрғын-үйлер салынатын аудандар қарайтын өңірлердің әр әкімі жеке басымен жауап береді. Ерекше назар аударатыны – баспана құны әлеуметтік болуы керек.
Президенттің есебінше, биыл қосымша 1,5 млн шаршы метр тұрғын – үй пайдалануға беріледі, бұл ішкі жалпы өнімнің өсуіне ықпалдасады. Ал ақша облыстардың арасында қалай бөлінеді?
Аслан Түкиев, Құрылыс салушылар ассоциациясының атқарушы директоры:
Бұл мемлекеттің өкілдігіне жатады. Бірақ біз ақшаны теңдей бөлуді сұрайтын шығармыз. Бір облысқа немесе бір қалаға артығырақ бөліп, алалауға болмайды. Республиканы теңдей жабуымыз керек. Сондықтан облыстарға 4 миллиардтан, қалғаны Астана мен Алматы арасында бөлінетін шығар.
Сонымен бірге үш аусымнан құтылу үшін және құлағалы тұрған мектептердің орнына 42 мектеп салынады – ол үшін 28 млрд теңге қарастырылған.
Ал ең басты жаңалық – Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан 1 трлн 450 млрд теңге жұмсалады: 500 млрд теңге сыртқы нарықтарда шетелдік валюталарға конвертацияланады, ал 600 млрд теңге экономика салаларына кетеді. «Қайтарылады» деген ақша екінші деңгейдегі банктер мен ұлттық холдингтер арқылы бөлінеді: мысалы, шағын және орта бизнес сұранысын қаржыландыруға және 3456 елді мекенді кең жолақты Интернет желісімен қамтамасыз етуге 200 млрд, елдің оңтүстігіндегі энергия тапшылығын жою үшін қолға алынған «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» жобасын жеделдетуге 47,5 млрд, ауыл шаруашылығына – оның ішінде ет пет сүт өңдеуге 100 млрд бөлінбек.
Ал жаңа жұмыс орындарын ашуға үкімет резервінен 100 млрд теңге жұмсалады. Президенттің пайымынша, осы шаралардың барлығы биыл экономикалық өсімді 1 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР президенті:
В центре всех моих поручений – нужды простого человека, его благополучие и стабильность.
Үстемеленіп ақша сол баяғы салаларға құйылады: энергетика, шағын және орта
бизнес, ауыл шаруашылығы. Ал 5 трлн 828 млрд теңге жинақталған зейнетақы
қорының төрттен бірі алынуы қорға «мемлекеттік инвестициялық қор» деп сипаттама
беруге итермелейді. Дағдарыстан шығуға жұмыс істейтін әрбір қазақстандық
барынша тер төгіп жатыр, жиған-тергенін салып жатыр, «Отан үшін жан пида»
деп...