Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұсаев пен Кошляк тағы тұтқындалды

  • AstanaTV
  • 09 маусым 2015
  • 1182

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Әлнұр Мұсаев пен Рахат Әлиевтің бұрынғы көмекшісі Вадим Кошляк тағы да қамауға алынды. Немістің Kronen Zeitung басылымы жазғандай, қазақстандық «Нұрбанктің» екі менеджерін өлтірді деген күдікке ілінген екеу Австриядағы апелляциялық соттың шешімімен қайта тұтқындалған. Еске салайық, 29 сәуірде сот тыңдалымдарының нәтижесіне сай, Кошляк пен Мұсаев бостандыққа шыққан болатын. Алайда бұл ұзаққа созылмады. Арада бір айдай уақыт өткенде олар тағы тұтылды. Екеуіне де Рахат Әлиевпен бірге «Нұрбанк» топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновті ұрлап әкетіп, өлтірді деген айып тағылды. Ал 2008 жылы Қазақстан соты Вадим Кошляк пен Әлнұр Мұсаевқа сырттай жаза кескен болатын.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА