Жекешелендірудің
екінші толқыны басталғалы бері 55 миллиард теңге көлемінде табыс түсті. Осындай
мәліметті мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары
Қалымжан Ибрагимов келтірді. Айтуынша, осы қаражаттың 860 миллионы республикалық
бюджетке аударылса, 2,9 миллиард теңге әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың
есеп-шоттарына, ал басым бөлігі яғни 50,7 млрд теңгесі холдингтердің
есеп-шоттарына түскен. Жалпы, 2014-2015 жылдары 496 нысанды сату жоспарланыпты.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА